Бүгінгі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасыны сәйкес, 11 өңір «жасыл» аймақта тұр.
«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары орналасқан. «Жасыл» аймаққа: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары енген.Бүгін 905 адамнан коронавирус анықталды.