«Қолдарында таяқ» - ШҚО Шар қаласындағы жаппай төбелес
«Қолдарында таяқ» - ШҚО Шар қаласындағы жаппай төбелес
Фото: кардрдан скриншот
241
оқылды

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар қаласындағы жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. Кадрдан бір топ адамның жиналып, айқайлап, тіпті бейәдеп сөздері айтып жатқаны естіледі.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер бар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Первый Семский. (@go_semey)

Кейбірінің қолында таяқ ұстап жүргені де аңғарылады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға байланысты 23 қарашада ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес (бір топ адам жасаған бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
«Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Дене жарақаты мен залал келтіру туралы арыз түскен жоқ. Қылмыстық істі тергеу мен істің мән-жайын бақылау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды» делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Шығыс Қазақстан облысы