«Қазгидромет» 25-27 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Ауа райы күрт құбылып, күн салқындайды. Алдағы күндері жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде де аяз болады. Термометр бағаны түнде 8-13 градусқа дейін төмендейді.Бұған дейін бораннан жолдар жабылып, мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқитынын хабарлаған болатынбыз.