ҚызПУ-да шығармашылықпен айналысатын орталық ашылды
ҚызПУ-да шығармашылықпен айналысатын орталық ашылды
345
оқылды

Орталықтың ашылуына қатысқан оқу орнының Басқарма төрағасы – ректор Гүлмира Қанай, орталық жастардың сүйікті орнына айналатынын атап өтті.

Орталықты ашудағы басты мақсат – білім алушылардың шығармашылық талантын дамыту. Сондай-ақ студенттердің  бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау. Орталық қажетті құралдармен жабдықталған 4 студиядан тұрады. «Сурет өнері» студиясында бейнелеу өнеріне деген қызығушылықты арттыру жұмыстары жүргізіледі. Оған қоса мұнда жастардың шығармашылық ізденістеріне жол ашу мақсатында шеберлік сағаттары да өткізіліп тұрады. Ал «Тоқыма өнері» студиясында сәндік қолөнерді дамытуға басымдық береді. Онда халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі бүгінгі заманымызға сай жетілдірілетін болады. Студияда мамандар білім алушыларға тоқыма тоқу технологиясымен таныстырып қана қоймай, оны жасауды үйретпек. «Дәстүрлі қолөнер» студиясында киіз басу, ши тоқу, жібек матаға сурет салу, кесте тоқу сияқты қолөнер жұмыстары жүргізіледі.    width= Төртінші «Қыш бұйымдарын жасау» студиясында студенттер қыштан жасалатын бұйымдарды жасау жолдары мен әдіс-тәсілдерін меңгеріп шығады.

Айта кетерлігі, орталыққа университеттің кез келген білім алушысы сабақтан тыс уақытында келіп, өз қалаған өнер бағытын меңгере алады. Ең бастысы – сабақтың барлығы тегін.

Алматы қаласы