Қазақстанда 20 қарашадан бері ревакцинациялау бастады. Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы туралы не белгілі? Кімдерге үшінші дозаны алу керек? Антидене тестін тапсыру тиімді ме?
Кімдер ревакцинациядан өтуі керек?
Вакцинаның үшінші дозасын қашан алу керек?
"Үшінші дозаны алудан ешқандай қауіп жоқ. Бұл тұста вакцинаның тиімділігін ойлау керек. Ол тиімді болуы үшін дозалардың уақыт интервалын сақтау өте маңызды. Мысалы, вакцинаның толық курсын алып, 3 айдан соң үшінші дозаны алсаңыз, ол - тиімсіз. Сондықтан кем дегенде 6 айдан соң, дұрысы 9 айдан соң ғана келісі дозаны қабылдаған жөн", -дейді Әсел Мұсабекова.
Үшінші дозаны алу үшін антиденені тексерту керек пе?
Маманның айтуынша, қазір антидене тестін тапсырудың қажеті жоқ. Керісінше, тест тапсыруға барып, басқа вирус жұқтырып алу қаупі жоғары. Егер вакцинаның үшінші дозасын алғыңыз келсе, толық курсын қай уақытта алдыңыз, соның уақытымен есептеу жеткілікті."Сізге үшінші дозаны алудың қажеті бар ма, жоқ па, оны өзіңіз саналы түрде шешуіңіз керек. Мысалы, кей адамдар вирус жұғу қаупі жоғары жерде жұмыс істеуі мүмкін немесе айналаңызда көп адам вирус жұқтыруы мүмкін. Кейбір адам өзінің иммун жүйесінің әлсіз екенін білсе, үшінші доза алудың әбестігі жоқ. Осы тұста, дәрігерлер бірінші кезек алуы керек дегені осыған байланысты. Себебі олар науқастармен тікелей байланыс жасағасын, вирус жұқтыру қаупі жоғары", – дейді вирусолог.Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, ревакцинациядан әуелі мына топтар өтуі тиіс:
- Медицина қызметкерлері, педагогтер, күштік құрылым өкілдері, жергілікті өзін-өзі басқару және жабық мекеме қызметкерлері;
- 60 жастан асқандар;
- Коронавирусқа қарсы антиденесі қалыптаспаған азаматтар;
- Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алса да, Covid дертімен ауырғандар.