Ақмола облысында жол апатынан 2 адам көз жұмып, 4 адам ауруханаға түсті
Ақмола облысында жол апатынан 2 адам көз жұмып, 4 адам ауруханаға түсті
© liter.kz
122
оқылды
23 қарашада сағат 00.10-да Жақсы АПБ кезекші бөліміне Перекатное бекетінің жанындағы "Екатеринбург-Алматы" автожолының 967 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаменті. 
Алдын ала анықталғандай, "Hyundai Sоlaris"маркалы автокөлігінің жүргізушісі, Нұр-Сұлтан қаласының 52 жастағы тұрғыны Қостанай қаласынан келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Атбасар қаласының 59 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан " Audi в-4 "маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан "Hyundai Sоlaris" маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттардан қайтыс болды, екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.
Орталық аудандық аурухананың қабылдау бөліміне түрлі жарақаттармен "Audi в-4" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, "Hyundai Sоlaris"маркалы автокөлігінің жолаушысы жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.