Оралда көлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды
Оралда көлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды
Фото: laishevskyi.ru
107
оқылды

Орал қаласында автокөлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды БҚО Полиция департаменті.

  Оқиға 24 қараша күні шамамен сағат 11.15-те С.Тюленин көшесінде болды.  width=
ГАЗель автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан 2002 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында қайтыс болды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.