Оралда көлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды

Оралда көлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды

Орал қаласында автокөлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды БҚО Полиция департаменті.

  Оқиға 24 қараша күні шамамен сағат 11.15-те С.Тюленин көшесінде болды.
ГАЗель автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан 2002 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында қайтыс болды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.