Павлодарлық тұрғын түнде мылтықтан оқ атқан
Павлодарлық тұрғын түнде мылтықтан оқ атқан
121
оқылды
Павлодарлық тұрғын Павлова көшесіндегі аулалардың бірінде мылтықтан оқ атып, тұрғындардың зәресін алды. Атқыш ұсталған, оқиға бойынша полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Әлуметтік желіде осы оқиғаның видеосы пайда болды.
"24 қараша, сағат 02.00-де Павлодар полициясына 00.42-де Павлов көшесіндегі 38-үй ауласында 40 жастағы ер адам 12-калибрлі Mossberg маркалы мылтықтан екі рет оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті. Атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мылтық тәркіленді", - деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.