Франциялық шабуылшы 1 жылға бас бостандығынан айырылды
Франциялық шабуылшы 1 жылға бас бостандығынан айырылды
193
оқылды
Мадридтік Реалдың және Франция құрамасының орталық шабуылшысы Карим Бензема шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады prosports.kz. Мұндай шешім тағы бір француз футболшысы Матье Вальбуэнаны бопсалау ісі бойынша шығарылған. Бензема мен тағы төрт күдікті бопсалау фактісі бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айыру және 75 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 2015 жылы Карим Бензема әріптесі Матье Вальбуэна түскен интимдік видеоны жарияламауға қатысты істе делдал болған. Алайда футболшы өзі кінәсін мойындамаған.