Комитет астана әуежайында 20-дан астам рейстің кешіккен себебін түсіндірді
Комитет астана әуежайында 20-дан астам рейстің кешіккен себебін түсіндірді
Фото: elitar.kz
155
оқылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, түнгі сағат 02.30-дан бастап қар қалың болғандықтан әуежайдың ұшып-қону алаңын тазарту мақсатында уақытша жабық болды. Күн райының бұзылуынан ұшып шығуы тиіс 12 рейс, ұшып келуі тиіс 9 рейс кешігуде (қосалқы аэродромға жөнелтілді). Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының ұшып-қону алаңы сағат 09.00-де қайта ашылды. Рейстерге қатысты деректі жолаушылар авиакомпаниялардың анықтама қызметтерінен анық-қанығын біле алады. Ұшып шығуға кешіктірілген рейстер:
  1. KC956, Алматы
  2. FZ 1706, Дубай
  3. КС 921 Франкфурт
  4. КС 407 Шымкент
  5. DV 741 Ақтау
  6. КС 207 Дубай
  7. КС 981 Атырау
  8. КС 622 Алматы
  9. КС 7315 Қызылорда
  10. SU 1957 Мәскеу
  11. КС 123 Ташкент
  12. КС 977 Ақтөбе.
Ұшып келуге кешіктірілген рейстер:
  1. IQ 386 Қарағанды
  2. DV 722 Ақтөбе
  3. КС 984 Атырау
  4. КС 7328 Шымкент
  5. КС 314 Ақтау
  6. КС 138 Санкт-Петербург
  7. FZ 1705 Дубай
  8. SU 1956 Мәскеу
  9. КС 918 Алматы
* КС (3 цифрлары) – Air Astana, КС (4 цифрлы) – FlyArystan, IQ – Qazaq air, FZ - Fly Dubai, DV – SCAT, SU – Aeroflot.