«Құлаққапты алып, жолдан өткенде айналаңа қарап жүр» – полиция тұрғындарға ескерту жасады
«Құлаққапты алып, жолдан өткенде айналаңа қарап жүр» – полиция тұрғындарға ескерту жасады
Фото: tengrinews.kz
160
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті көлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда аса мұқият болу керектігін ескертті.

«Қар толассыз жауғандықтан арнайы техника елорда көшелерін тазалау үшін тәуліктік режиммен жұмыс істеп жатыр. Жүргізушілерді көлігін жол бойында қаңтармауға шақырамыз. Бұл қар күреу жұмыстары мен қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіреді. Жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық пен және қауіпсіз қашықтық режимін сақтаңыз», – дейді департамент өкілі.
Сондай-ақ полиция тұрғындарға қаладан алыстап шықпауға кеңес берді. Қала ішінде де діттеген жерге баратын маршрутты алдын ала жоспарлап, қозғалыс жолағын кенет ауыстырмау, аяқ астынан тежегіш баспау маңызды.
Жаяу жүргіншілер де өте мұқият болуы тиіс. Жолдан өткен кезде гаджеттерге үңілмей, құлаққапты алып, айналаға назар салуы қажет. Сондай-ақ қызмет көрсететін компаниялар өкілдеріне тұрғын үй кешендерінің ауласын қардан тазалау жұмыстарын уақтылы ұйымдастыру қажет екенін ескертеді.