Астанада ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқитын болды  
Астанада ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқитын болды  
Фото:astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда бүгін 2-ауысымдағы 0 - 7-сынып оқушылары онлайн оқиды.

«25 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің 2-ауысымындағы 0 - 7- сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі» делінген Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының хабарламасында.

Астанада екі-үш күннен бері толассыз қар жауып, көлік қозғалысы қиындады. Бұған дейін әуежайда рейстер кешігіп жатқанын жазған болатынбыз.