Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг нәтижесінде, мас күйінде Құранды қорлаған әйелдің видеосы анықталды.
Ер адам кадр сыртында онымен қосылып әзілдескен.«Тексеру барысында видеоны түсіргендер анықталды. Олардың бұрын Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған 1998 жылы туған Т. мен 1996 жылы туған Л. есімді тұрғындар екені анықталды. Олардың әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 490-бабы 2-бөлімі (Сенушілердің сезімін қорлау) бойынша квалификацияланған. Өндірістік материал шешім қабылдау үшін қалалық Дін істері басқармасына жіберіледі, – деді Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Мәулен Қасымжан.Әйел Қазақстан халқынан кешірім сұрады. https://youtu.be/tpftaNlKakQ
«Кішігірім отырыс болды, біз алкогольді ішімдік іштік. Мен ішімдікке мас күйімде ойланбай әрекет жасадым. Қасиетті Құран кітабын қолыма алып, парақшама видео түсірдім. Мен өз кінәмді білемін. Мен бүкіл жамағаттан, әсіресе, мұсылмандардан кешірім сұраймын. Мен сіздердің діндеріңізді қатты құрметтеймін. Бұл енді ешқашан қайталанбайды. Шын жүректен кешірім сұраймын, – деді Т. есімді әйел.
Бұған дейін ҚМДБ Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазған болатынбыз.