Алматылықтарды алдап келген заңгер алаяқтығы үшін қамауға алынды

Алматылықтарды алдап келген заңгер алаяқтығы үшін қамауға алынды

Мәселені шешуге көмектесеміз деп уәде берген заңгер алматылықтарды алдап келген. Polisia.kz. сайтының жазуынша, “LEGAL FORCE” ЖШС директоры заң саласындағы түрлі мәселелерді шешуге уәде беріп, адамдарды алдаған.

– Анықталғандай, 39 жастағы Б.есімді азамат көптен бері аңғал азаматтарға түрлі мәселелерді шешуде құқықтық қолдау көрсету бойынша өз қызметтерін ұсынып келеді. Одан әрі сенімге кіріп, клиенттермен ойдан шығарылған келісім-шарттар жасаған. Алайда азаматтардан қаражатты алғаннан бойтасалап жүрген. Қазіргі таңда бұл азаматтың үстінен полицияға 5 адам арызданды, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті қолға түсті. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Бұл күнде күдікті Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.