Вокал мұғалімі өзінің авторлық әдісі бойынша балалардың сөйлеу мен есту қабілетінің бұзылуын емдеуде
Вокал мұғалімі өзінің авторлық әдісі бойынша балалардың сөйлеу мен есту қабілетінің бұзылуын емдеуде
©https://yandex.kz/
236
оқылды

 Медицинада балалардың есту және сөйлеу проблемасы күрделі мәселеге айналған. Мұны бүлдіршіннің әлеуметтік бейімделуі мен қарым-қатынас жасау қабілетінен айтарлықтай байқалады. Көп жағдайда мұндай балалардың ата-анасы да, балалардың өзі де бұдан арылу мүмкін емес деп есептейді. Ал ондай жағдайда шығармашылықпен айналысу тіптен мүмкін емес.

Ересек оқушылармен салыстырғанда, балалардың вокал педагогикасының бірқатар ерекшеліктері бар. Егер осы саладағы кәсіби мамандар дұрыс тәсілдерді қолданып, балалармен ұйымдаса жұмыс істесе, әлі қалыптаса қоймаған бала организмін түзеуге болады. Сөйлеу қабілетінде кемшілігі бар оқушыларға келсек, бұл мәселені уақытында шешу үшін невропатологқа, логопедке, вокал мұғаліміне жүгіну керек. Вокал терапиясының көмегімен баланың сөйлеу қабілетін түзету процесіне араласуы шығармашылыққа жететін кішкентайдың өміріне оң әсер етуі мүмкін. Музыка мен ән айту – балалармен жұмыс істеуге оң әсер ететін тиімді психокоррекциялық, емдік әдістер. Бірақ жаттықтырушының мұндай оқушылармен ұзақ және тиімді жұмыс тәжірибесі бар маман болуы керек. Сондай-ақ оның вокалдық терапияның тетіктері мен әдістерін меңгерген, үлкен білім қорының болуы да үлкен рөл атқарады. Ләйлә Болатбек – сондай білікті мамандардың бірі. Дауысты, тембрді, интонацияны тұжырымдауда көпжылдық тәжірибесі бар, ол – тек дауыс қою мен сөйлеу кемістіктерін түзетудің жетекші маманы ғана емес, есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудың да әдістемесін әзірлеген кәсіби маман. Оның өмірлік тәжірибесінде осындай проблемалары бар студенттер жетерлік, олар өздерінің ауруларымен күресуде айтарлықтай серпіліс жасаған және шығармашылықта өзін айқын көрсете білген. Бала күнінен есту аппаратын тағуға мәжбүр болған осындай шәкірттерінің бірі - бүгінде пианинода еркін ойнап, ән айтады. Ал оның тағы бір шәкірті кекештенуден толық айығып кетті. - Бастапқыда есту және сөйлеу қабілетінде кемшіліктері бар балалар сабағымда қысылып, қорқып келеді. Алайда әлеуметтік емес, басқа да мамандардың бірлесе өткізген сәтті түзету сабақтарынан кейін, сондай-ақ қол жеткізген оң нәтижелерден кейін оқушыларымның көңілі көтеріліп, көздері жанып, өмірі оң жаққа өзгеруде. Бұл балалық армандардың орындалатын сәті, – деп өз ойымен бөліседі Лейла Болатбек. Айта кетерлігі, қазір Ләйлә Болатбектің талантты шәкірттері вокал байқауларына сәтті қатысып жүр. Мұғалімнің және ол жұмыс істейтін мектептің жоспарында – осындай кәсіби маманның көмегіне мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан есту және сөйлеу қабілеті нашар балалар үшін тегін оқи алатын арнайы сынып ашу көзделген.