Бакуде Елбасы жайлы фильмнің тұсауы кесілді
Бакуде Елбасы жайлы фильмнің тұсауы кесілді
174
оқылды
Әзербайжан елінің астанасындағы «Низами» киноорталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Оливер Стоунның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «Qazaq. Алтын адамның тарихы» фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл туралы СІМ сайтында жазылды. Іс-шараға Әзербайжан мемлекеттік органдар, дипломатиялық миссиялар, қоғамдық ұйымдар және шығармашылық топтардың өкілдері қатысты. Деректі фильмнің Бакудегі тұсаукесеріне Лос-Анджелестен арнайы келген режиссер Игорь Лопатенок пен продюсер Вера Томилова қатысты.
«Туындының Еуропалық премьерасы 20 қазанда Рим кинофестивалінде өтті. Содан кейін Нұр-Сұлтан, Мәскеу және Лос-Анджелесте ұсынылды. Бакудан кейін біз жобаны Минскіде ұсынамыз. Картинаның жалға беруге арналған толық метражды екі сағаттық нұсқасы жасалды, ал тұтастай алғанда, жоба теледидар үшін сегіз сериядан тұрады», - деді И.Лопатенок.
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов кештің ашылуында екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін және киножобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Деректі таспаның негізі ретінде әлемге әйгілі кинематографист О. Стоун мен ҚР Тұңғыш Президентінің сұхбаттары кірді.                      Н. Назарбаев О. Стоунмен балалық шағы, жастық шағы, Кеңес Одағының ыдырауы және республика тәуелсіздігінің алғашқы жылдары, елдің дамуы мен гүлденуі, халықаралық аренадағы рөлі туралы естеліктерімен бөліскен.