Алматыда қойма өртеніп жатыр
Алматыда қойма өртеніп жатыр
169
оқылды
Алматыда қойма өртеніп жатыр, деп хабарлады  қалалық Төтенше жағдайлар департаменті. 25 қараша күні сағат 16:35-те өрт сөндіру тобы шақырудың жоғары деңгейі бойынша Жетісу ауданындағы Көкмайса, 26 мекенжайына шықты.
«Өрт сөндірушілер келген кезде ангар тәрізді қойма жанып жатты, өрттің көрші қоймаларға таралу қаупі туындады. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 2 жауынгерлік учаске ашылды, қазір 70-тен астам жеке құраммен 21 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қабылданған жедел шаралардың арқасында 17:20-да өрт оқшауланды.