Алматы облысында 7 көлікті тонап кеткен ұры ұсталды
Алматы облысында 7 көлікті тонап кеткен ұры ұсталды
Фото: inform.kz
Алматы облысы Талғар ауданы аумағында бірнеше ұрлық дерегі орын алған. Қаскүнем түнгі уақытта Тұздыбастау, Бесағаш және Талдыбұлақ ауылдарындағы жеке үйлердің аумағына қоршау арқылы кіріп, иелерінің немқұрайлылығын пайдаланып, ашық, қымбат автокөлік ішінен ірі ақша сомалары мен бағалы заттарын қолды қылды, деп хабарлады polisia.kz. Ол жеті автокөліктен жалпы сомасы 6,5 миллион теңгені құрайтын ақша мен бағалы заттарды заңсыз иемденіп кеткен. https://www.youtube.com/watch?v=qrbD1ASSlfs&feature=emb_title Сонымен қатар, ол Алматы қаласында тағы материалдық шығыны 2,5 миллион теңге болатын тағы төрт ұрлық жасаған. Қазіргі уақытта оңтүстік астананың жергілікті жедел уәкілдері оны ұстап, қамаққа алды.