Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барды
Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барды
136
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
"Бүгін Қазақстан Президенті Бельгия королі Филиппен жүздесіп, премьер-министр Александр Де Кроомен және Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді", - деп жазды Берік Уәли.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.