Шарипова абсолют чемпионды МакГрегормен бірге нокаутқа түсіретінін мәлімдеді

Шарипова абсолют чемпионды МакГрегормен бірге нокаутқа түсіретінін мәлімдеді

Фируза Шарипова әлемнің абсолют чемпионы Кэти Тейлормен жекпе-жекте жыл апсетін жасамақ ниетте, деп хабарлайды қазақстандық боксшының баспасөз қызметі. Бұл кездесу 11 желтоқсан күні Ливерпуль қаласында өтеді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

"11 желтоқсанда жыл апсетін жасаймын! Кэти Тейлорден барлық белбеуін тартып алып, Қазақстанға әкелемін. Кэти Тейлорға ештеңе көмектесе алмайды. Онымен рингке Конор МакГрегор бірге шықса да - екеуін де нокаутқа түсіремін!" - деп жазыпты Шарипова Instagram желісінде.