14 жылқы ұрлаған 3 барымташы ұсталды

14 жылқы ұрлаған 3 барымташы ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 14 жылқы ұрлаған 3 барымташы ұсталды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында Абай ауданындағы қылмыстық топты ұстады. 3 ер адам алдын ала сөз байласып, жылқы ұрлаумен айналысқан.

«Белгілі болғандай, олар 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін аудан тұрғындарына тиесілі 14 жылқыны айдап әкетіп, 5 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірді. Күдіктілердің бірінің қыстағын тексеру кезінде заттай дәлелдемелер – мал терілері мен тұяқтары табылды» делінген хабарламада.