ШҚО-да ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
ШҚО-да ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
94
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты тас жолда көлік қозғалысы шектелді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қараша күні сағат 16:30-дан бастап ауа райының нашарлауына (жаңбыр мен көктайғақ) байланысты «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тас жолының 15-105 шақырымында көлік қозғалысы шектелді. Бұл Белоусовка кенті мен Риддер қаласы арасындағы жол. «Аталған учаскеде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады» делінген ақпаратта.