“Самара-Шымкент” автожолындағы жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін 25 қараша күні сағат 11:30-да “Самара-Шымкент” автожолының 932 шақырымындағы Белқопа кентінің жанында жол апаты орын алды.
Honda автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты есептемей, баса озу маневрін жасап, нәтижесінде DAF (фура) жүк автомашинасымен соқтығысқан.