Жамбыл облысында 22 жастағы келіншек баласын сатқаны анықталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл облысының полицейлері рейд барысында 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол 2018 жылы бала туып, оны басқа отбасына тәрбиелеуге заңсыз берген. «Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандарды сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін толық мойындады» делінген ресми хабарламада.Бұған дейін Қытайға сату үшін бала тапқан үш қазақстандық іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.