«Листвяжная» шахтасындағы жарылыс: 52 адам қаза тапты
«Листвяжная» шахтасындағы жарылыс: 52 адам қаза тапты
Фото: aif.ru
152
оқылды

ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше, «Листвяжная» шахтасындағы жарылыстан жер астында қалған адамның бәрі қаза тапты. Апат болған кезде шахтадан кеншілерді құтқармақ болған 6 құтқарушыны қоса алғанда жалпы саны 52 адам қаза тапты.

Дереккөздің жазуынша, қаза тапқандардың көбінің денесі әлі де шахтада жатыр. Шахтада температура мен метан газының мөлшері төмендесе, мәйіттерді жер бетіне алып шықпақ.

Бұған дейін шахтадағы апаттан қаза тапқандардың отбасына, Ресей халқына Қазақстан Президенті көңіл айтқанын хабарлаған болатынбыз.