Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Сұлтан Зауырбектің (9-0, 6 КО) бапкері Анхель Фернандес Vesti.kz тілшісіне боксшының чемпиондық титулы үшін қашан жұдырықтасатынын айтты. «Зауырбек туралы айтсақ, ол тамаша формада. Оның тамаша қасиеттері бар. Қазір толыққанды жаттығып жатыр. Көктемде Джошуамен бірге жаттығуды жоспарлап отырмыз. Сұлтан өз салмағында жетістіктерге жетуге тырысады. Бір-екі жылда чемпиондық жекпе-жекке шыға аламыз. Оның ілгерлеп келе жатқаны байқалады және ол жаңа деңгейге өтуде. Келешекте биіктерді бағындыратынына сенімдімін. Дегенмен алға көз салмайық. Бастысы, оның ынтасы бар», – дейді маман.