Биыл 16 желтоқсаннан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы – Дели бағыты бойынша Үндістанға аптасына 3 рет тұрақты рейстерді қайта орындауды бастайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Рейстер А320 ұшағымен сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері қатынайды. Бұған дейін Алматы – Доха бағытында әуе рейсі ашылатынын хабарлаған болатынбыз.