Павлодарда автобус 8 жастағы қызды қағып кетті
Павлодарда автобус 8 жастағы қызды қағып кетті
Фото: orehovozuevo.bezformata.com
123
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қараша күні болған.

Кеше сағат 14:42-де музыкалық мектепке қарсы жолда «Вольво» маркалы №6 маршруттық автобусының 40 жастағы жүргізушісі 2013 жылы туған оқушы қызды қағып кетті. Оқушы жаяу жүргіншілер жолағымен жолдан өтіп бара жатқан. Жол апатынан жарақат алған оқушы ауруханаға жеткізілді. Автобус арнайы айыптұрағына қойылды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Алматы облысында ішімдік ішкен көлік жүргізушісі мектептен қайтып келе жатқан оқушыларды қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.