Бүгін доллар бағасы қайта қымбаттады
Бүгін доллар бағасы қайта қымбаттады
Фото: mail.kz
153
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қымбаттады.

25 қараша күнімен салыстырғанда 0,94 тиынға өсіп, орташа бағамы 430,78 теңге болды. Ұлттық банктің 26 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 429,84 теңге. Бүгін Алматыда доллар 432,64 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу – 434,23 теңге. Нұр-Сұлтанда доллар – 432,35 теңге, ал сатып алу құны – 433,61 теңге.

Ұлттық банк өкілі теңгенің құнсызданған себебін түсіндірген болатын.