Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары салықты уақытылы төлемей отыр
Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары салықты уақытылы төлемей отыр
Фото: prodengi.kz
161
оқылды

Мемлекеттік кірістер комитеті биыл 10 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың меншіктегі жылжымайтын мүлік бойынша салық берешегінің сомасы 3,2 миллиард теңгеге жеткенін хабарлады.

Оның ішінде, мүлік салығы бойынша – 2,9 млрд теңге (756 мың борышкер),  жер салығы бойынша – 0,3 млрд теңге (159 мың борышкер). Борышкерлердің саны ең көп қала Шымкентте – 602,5 млн теңге жалпы берешегі бар 65 мың адам салық төлемеген. Алматы қаласы – 628,6 млн теңге, жалпы берешегі бар 58 мың жеке тұлға және Нұр-Сұлтан қаласы – 438,1 млн теңге жалпы берешегі бар 38 мың адам салық төлеуі тиіс. 2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталды.

Салықтық берешегінің бар-жоғын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы (AppStore, PlayMarket) арқылы тексеруге болады.