Дәрігерлердің жалақысы қашан екі есе көбейеді?
Дәрігерлердің жалақысы қашан екі есе көбейеді?
Фото: pharmvestnik.ru
242
оқылды

Ералы Тоғжановтың айтуынша, 2022 жылы дәрігерлердің жалақысын көтеруге 361 млрд теңге қаржы бөлінеді.

2020-2025 жылдары медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен көбейеді. 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыға қатысты 2,5 есеге дейін арттыру жоспарланған. Бұл мақсатқа 2021 жылға – 222,3 млрд теңге, 2022 жылға – 361,7 млрд теңге, 2023 жылға 557,4 млрд теңге көзделген.