Нотариусқа сенген тұрғын баспанасынан айырылып қалды
Нотариусқа сенген тұрғын баспанасынан айырылып қалды
Фото: notariusmsk.com
182
оқылды

Ол 2020 жылы 20 қарашада Жаңа Бұқтырма кентіндегі пәтерін алдап иемденген 51 жастағы нотариусты жауапқа тартуды сұраған. Жәбірленушіге 4,4 миллион теңге залал келген.

Полиция жедел іздестіру нәтижесінде күдіктіні анықтады. Жәбірленуші нотариустың көмегіне жүгініп, өзіне тиесілі пәтердің құжаттарын тексеруді сұраған. Әңгіме барысында ол нотариусқа ақша керегін айтқан. Кепіл шартын рәсімдеп, оған нотариус «қаражатты мен берейін» деп, ай сайын несие бойынша пайыздарды төлеп тұрасыз, қарызды қайтара алмайтын жағдайда пәтерді сатуға ұсыныс жасаған. Біраз уақыттан кейін иесі пәтерінің құжаттарын тексерген. Оның иелігіндегі пәтері өзгенің атына тіркелгенін білген. Күдіктінің сатып алу-сату шартын рәсімдегені анықталды.
ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев: «Факті бойынша ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 1,3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді.

Бұған дейін әлеуметтік қызметкер зейнеткердің пәтерін иемденіп кеткенін жазған болатынбыз.