Елордада лифттің ішіне түкірген ер адам ұсталды
Елордада лифттің ішіне түкірген ер адам ұсталды
243
оқылды
Елордада лифттің ішіне түкірген ер адам ұсталды,  – деп хабарлады Polisia.kz Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында лифт есігіне түкірген ер адам көзге түскен. "Сарыақа” аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзушыны ұстады. Ол 22 жастағы елордалық болып шықты. Ақан сері көшесіндегі “Медина” тұрғын үй кешенінде бір топ жігіт лифтке кіріп, олардың біреуі лифт есігіне түкірген. Қоғамдық жерді ластаған жігіт ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1 бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл немесе 10 тәулікке қамау жазасы қарастырылған. Материал Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды. Бұдан басқа қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша хаттама толтырылды, айыппұл салынды.