Шымкентте 7-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды
Шымкентте 7-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды
© tengrinews.kz
318
оқылды
Дәрігерлер оқушыға «Жіті өкпе-жүрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, мидың ісінуі және жүрек бұлшық етінің кеңеюі» диагнозын қойды.
"Дене шынықтыру кезінде бала кенеттен ауырып, тұра алмай қалған. Содан кейін бала диванға жатқызылыпты. Мектеп дәрігері бірден мектеп директорына, баланың ата-анасына хабар берген. Жүргізілген жедел реанимациялық шараларға қарамастан, жеткіншек қайтыс болды", –  дейді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызы.
Мамандар жасөспірімнің вакцина алмағанын айтты. Яғни, ата-анасы вакцина салдыруға қарсы болып, бас тартқан.