Тәуелсіздіктің отыз жылдық қарсаңында елімізде біршама өзгерістер орын алып жатыр. Кеше ғана Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Nur Otan партиясының төрағалығын Президентке тапсырды. Елбасының дана саясаты мен орынды шешімдері мемлекеттің дамуы үшін маңызды деп ойлаймын.
Сол орайда Елбасы қазақстандықтар үшін жаңа дәуірде басты бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жинағын ұсынды. «Өскелең ұрпақ оларды менің үндеуім, отыз жылға созылған жасампаздық жолын халқымен бірге еңсерген Елбасының тапсырмасы ретінде қабылдасын», – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттіліктің жеті тұғырының әрқайсысына кеңінен тоқталды. Атап айтса:Бірінші тұғыр. Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Екінші тұғыр. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры. Үшінші тұғыр. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы. Төртінші тұғыр. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі. Бесінші тұғыр. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі. Алтыншы тұғыр. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. Жетінші тұғыр. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.Жоғарыда айтылғанның барлығы жастарға, өскелең ұрпаққа рухани дамуының, қазақ социумын әрі қарай дамытудың үлкен бағыты деп айтуға толыққанды негіз бар. Бірақ, Төрағалықты беру партия алдындағы мақсаттар мен жауапкершіліктерді азайтпайды. Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Асқар Мамин «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасының орындалу барысына тоқталды. Соның ішінде, 2021 жыл басынан бері ЖІӨ өсу қарқыны 3,5 пайызға өскенін айтты. Ағымдағы жылдың он айы ішінде экономика секторында біршама өзгерістер орын алды: - Өңдеу секторы 5,3 пайызға; - Өңделген тауарларды экспорты 25,5 пайызға; - Құрылыс 7,6 пайызға ұлғайды. Шетелдік инвестициялар 30,4 пайызға өсті. Сонымен қатар, Халықаралық агенттіктер Қазақстанның инвестициялық сенімділік деңгейіндегі рейтингін растады. COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шеңберінде де біршама өзгерістер орын алды. КВИ төсек-орын қоры 22 358 ұлғайса, оның 2 387 реанимациялық жүктемелер. Қабылданған шаралар нәтижесінде эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда, экономиканың тұрақты өсуі жалғасуда. Парламенттегі Nur Otan партия фракциясымен, сондай-ақ Nur Otan партиясының орталық аппаратымен белсенді өзара іс-қимыл Жол картасының 362 іс-шарасының 136 іс-шарасының орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, оның ішінде 34 іс-шара толық орындалды, 226 іс-шара орындалу үстінде. «Баршаға арналған тең мүмкіндіктер» бағдарламасының бірінші бағыты аясында әрбір қазақстандықтың әлеуетін іске асыруды қамтамасыз ететін 43 іс-шара орындалды: - Педагогтердің лауазымдық жалақысы орта есеппен 25 пайызға артты; - ЖОО студенттерінің стипендиясы 20 пайызға артты; - Магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға артты; - Жоғары білім алу үшін гранттар саны 10 пайызға немесе 5000 жаңа орынға артты; - 4530 мектепте немесе мектептердің жалпы санының 65 пайызында балаларды жан-жақты дамыту бағдарламалары енгізілді; - Балабақшаларда 33,5 мың жаңа орынның ашылуына орай 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 99,1пайызын құрады. «Интеллектуалды, дені сау және үнемді ұлт» бағдарлама шеңберінде 15 іс-шара орындалды: - Дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға өсіп, 320 мың теңгені құрады; - Орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға өсіп, 173 мың теңгені құрады; - 1010 медициналық жабдық бірліктері аудандық ауруханаларға, оның ішінде перзентханаларға сатып алынған; - Әрбір өңірде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті 2 айлық резерві қамтамасыз етілді, сондай-ақ медициналық жабдықпен жарақтану деңгейі ұлғайтылды. «Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы» 40 іс-шара орындалды, оның ішінде: - 3 мыңнан астам инвестициялық жобалардан тұратын 45 трлн. теңгеге пул құрылды; - Ауыл шаруашылығы өнімінің 770 мың тоннаға форвардтық сатып алу тетігі арқылы келісімшарт жасалды; - «Астана» халықаралық қаржы орталығында 66 жаңа шетелдік қатысушы компаниясы тіркелді; - 262 жаңа IT-компания тіркелді және IT-саласына 101 млрд. теңге инвестицияланды. «Есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар» бағдарламасына сәйкес, 38 іс-шара орындалды. Жоғарыда аталған іс-шаралар мен көрсетілген сандар интернетте қолжетімді. Әр тиынның өз орны бар. Мен Ұлттық қордың ақшасы Nur Otan партиясының «жеке қалауларына» жұмсалады деп мәлімдейтін сарапшылардың уақыт тауып, Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың нақты деректерімен танысады деген үміттемін. Егер мұғалімдердің, дәрігерлер мен бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеру, қоғамдағы мұғалімнің немесе дәрігердің мәртебесін көтерудің уақыт талабы ретінде, бұл билеуші партияның «қалауы» болса, онда мұндай «ҚАЛАУЛАР» көп болсын! Қор болашақ ұрпақ үшін «қауіпсіздік жастығы» ретінде 20 жылдан астам уақыт бойы қалыптасып келеді. Бұл «жастық» қазір жаһандық дағдарыс жағдайында жұмыс істеуде. Әйтпесе, ол сол кезде не үшін құрылды?! Студенттердің шәкіртақысын көтеру, пандемия жағдайында өңірлердің дәрі-дәрмек резервін қамтамасыз ету, тұрғын үй, мектептер мен ауруханалар салу, көп балалы отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету, әсіресе дағдарыс жағдайында кез-келген билеуші партияның міндеті емес пе?! Қазір адамдар Премьер-Министрдің немесе партияның айтқанына құлақ аспайтын уақыттан өтті. Халық бұл қаржының не үшін жұмсалып жатқанын, ел азаматтарының басым бөлігі дауыс берген билік партиясының сайлау алдындағы уәделерін қалай орындап жатқанын білгісі келеді. Бұл баяндамалар, айтпақшы, партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ғана емес, Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan фракцияның, Nur Otan партиясы жанындағы салалық республикалық қоғамдық кеңестердің отырысындағы үкімет есебінде де айтылды.
Қахарман Айсана, ЕҰУ Саясаттану кафедрасының докторанты