Түркістан облысында қашықтан оқыту үшін ноутбуктер жеткізу кезінде 2,5 млрд-тан астам теңгені жымқырғандар ұсталды
Түркістан облысында қашықтан оқыту үшін ноутбуктер жеткізу кезінде 2,5 млрд-тан астам теңгені жымқырғандар ұсталды
174
оқылды
Түркістан облысында қашықтықтан оқыту үшін ноутбуктер жеткізу кезінде 2,5 млрд-тан астам теңгені жымқыру дерегі анықталды, – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Пандемияға байланысты қашықтан оқыту әлемнің барлық елінде білім беру процесінің негізгі әдісіне айналды. Қазақстанда білім беру ұйымдарына мектеп оқушылары үшін 220 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынды. Агенттік оның барысында бюджет қаражаты жымқырылған мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде бұзушылық деректерін анықтады. Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті «МТ-Сервис» ЖШС басшысына және облыс әкімдігінің Адам әлеуетін дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде.
«Атап айтқанда, мемлекет «2020-2025 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың» бағдарламасы аясында коронавирус инфекциясы пандемиясы кезеңінде оқушыларды қашықтан оқыту үшін ноутбуктер сатып алуға ақшалай қаражат бөлді. «МТ-Сервис» ЖШС директоры Түркістан облысы әкімдігінің «Адам әлеуетін дамыту басқармасы» ММ-мен 3,4 млрд теңгеден астам сомаға 21 мың дана ноутбук жеткізуге шарт жасасты. Алайда, 2,5 млрд теңгеден астам сомаға жеткізілген тауарлар Тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеген» делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта кәсіпорын директоры ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталды және оған қатысты тергеу соты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын қолданды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.