Алматыда көше бойында тұрған жап-жаңа көліктің үстіне тал құлады
Алматыда көше бойында тұрған жап-жаңа көліктің үстіне тал құлады
284
оқылды
Оқиға орнына Алматы қаласы әкімінің аппараты, "Алматы Тазалық" ЖШС, ТЖД 109 құтқару қызметінің мамандары шұғыл жұмылдырылды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне Қалдаяқов көшесі, 28-үйдің жанында тұрған "Киа RIO" маркалы автокөлігіне терек құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жолдың жүру бөлігін тазарту жұмыстары аяқталып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Көлік иесінің айтуынша, құлаған ағаш астында қалған автомобиль жап-жаңа болған. Зауыттан 2021 жылы шыққан.