Атырау облысында 7 баласы бар әйелді өлтіріп кеткен
Атырау облысында 7 баласы бар әйелді өлтіріп кеткен
© AP Photo / Maya Alleruzzо
186
оқылды
Бүгін, 25 қарашада түнде Жылыой ауданы Құлсары қаласында әйел өлі күйінде табылды, – деп жазады "Ақ Жайық". 35 жастағы әйелді бірнеше жерден пышақтап кеткен. Әйел ауыр жарақатының салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмған. Қылмыстың себебі анықталуда. Қайтыс болған әйелдің артында жолдасы, жеті баласы қалды. Осы қылмысқа қатысы бар күдікті, Жылыой ауданының тумасы 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша қамаққа алынды. Облыстық ПД баспасөз қызметі нақты ақпаратты кейін хабарлайтынын мәлімдеді.