Қостанайда ұрылар пәтерді тонап жатқан сәтте ұсталды
Қостанайда ұрылар пәтерді тонап жатқан сәтте ұсталды
202
оқылды
Ер адамдарды полиция қызметкерлері кезекті пәтер ұрлығы кезінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 27 қазаннан бастап Қостанай қаласының Полиция басқармасына пәтер ұрлығы фактілері бойынша азаматтардан өтініштер түсе бастады. Қылмыс жасаудың тәсілдері шамамен бірдей: кілтті сәйкес келтіру арқылы белгісіз адамдар пәтерге кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Залалдың жалпы сомасы екі миллион теңгені құрады. 18 қарашада 54 жастағы жергілікті тұрғын жұмыстан үйге оралғанда сыртқы есіктің ашық тұрғанын көрген. Содан кейін жәбірленуші пәтерінің астан-кестен болып шашылып, алтын бұйымдардың жоғалғанын анықтап, полицияға шағым түсірді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Ер адамдарды қалалық жедел уәкілдер қылмыс орнынан жасырынуға әрекет жасаған кезде ұстады. Күдіктілерден бұрын ұрлаған зергерлік бұйымдары, сондай-ақ қолғап, рация, басты кілт және ломбардтың кепіл билеті тәркіленді. Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосыновтың айтуынша, қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы тексерілуде. Күдіктілердің бірі пәтер ұрлығы үшін бірнеше рет сотталған. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық істер шеңберінде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. https://www.youtube.com/watch?v=ihWUqMrNZ6c