Алматыда жаңажылдық ұжымдық кештерге тыйым салынбайды
Алматыда жаңажылдық ұжымдық кештерге тыйым салынбайды
© inform.kz
Бұл туралы Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
Сәдуақас Байғабылов қолданыстағы карантин талаптарында жаңажылдық ұжымдық кештерге тыйым салынбағанын, бірақ шектеулер болатынын, мекеме қызметкерлері Ashyq-та «жасыл» мәртебеге ие болуы керек екенін ескертті.
Ол сонымен бірге сол сәтте Алматы коронавирустың таралуы бойынша қай «аймақта» (жасыл, сары, қызыл) орналасқанына байланысты қатысушылар санына шектеулер қойылатынын айтты. «жасыл» аймақта – 50%-ке дейін, 100 орыннан көп емес; «сары» аймақта – 50%-ке дейін, 70 орыннан аспау керек; «қызыл» аймақта – 50%-ке дейін, 50 орыннан аспау керек. Мегаполис тұрғындарына рұқсат эпидемиология жағдайына байланысты беріледі. Алматыда коронавирус инфекциясы бойынша жағдай нашарласа, Ashyq нысандарының жұмыс уақытында карантин шаралары күшейтіліп, жаңажылдық корпоративтік кештер мен басқа да іс-шараларға тыйым салынуы мүмкін.