Кейбір жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді - ҚТЖ
Кейбір жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді - ҚТЖ
© baribar.kz
Бірқатар қазақстандық жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі өзгерді, – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
 «2021 жылғы 12 желтоқсанда сағат 00.00-ден бастап пойыздар қозғалысының 2021-2022 жылдарға арналған нормативтік графигінің енгізілуіне байланысты жолаушылар пойыздарының қозғалысы бойынша мынадай өзгерістер енгізілді» делінген хабарламада.
Жүру бағыттары ұзартылатындар: – №37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол» «Семей – «Маңғыстау – Семей» станциясына дейін; – №45/46 (№673/674 орнына) «Павлодар – Нұр-Сұлтан 1» «Шымкент – «Павлодар-Шымкент» станциясына дейін; – № 613/614 «Орал – Ақтөбе» «Орал – Құлсары» Құлсары станциясына дейін. Жүру бағыты қысқартылатындар: – №85/86 «Нұр-Сұлтан 1 – Сарыағаш» «Нұр-Сұлтан 1 – Шымкент» Шымкент станциясына дейін. №86/85 «Нұр-Сұлтан-1-Шымкент» пойызының маршрут кестесінде 27 станцияда тұрақтар оңтайландырылды, бұл құрамның жүру уақытын 3 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді (24 сағаттың орнына 21 сағат). Оңтайландырылған станциялар бойынша жолаушыларды отырғызу/түсіру №45/46 «Павлодар-Шымкент» балама пойызының маршрутында қарастырылған. Жүру жиілігі өзгеретіндері: 1) № 45/46 (673/674 орнына) «Павлодар – Шымкент» күн сайыннан күнараға; 2) № 353/354 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Семей» күн сайыннан күнараға; 3) № 613/614 «Орал – Құлсары» аптасына үш реттен күнараға; 4) № 51/52 «Алматы-2 – Орал» күнарадан күн сайынға. 4. Кесте өзгерді: - №77/78 «Маңғыстау-Алматы-2» Маңғыстау станциясынан жөнелту уақыты 22.05-тің (астана уақыты бойынша) орнына 09.05 болды. Жаңа бағыт енгізіледі: - №111/112 «Алматы-2-Маңғыстау», Тальго вагондарынан құралған, күнара қатынайды. 6. Жылжымалы құрам жаңартылды: 1) №603/604 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Арқалық» Тальго вагондарымен; 2) № 613/614 «Орал-Құлсары» ҚХР вагондарымен, ауа баптау жүйесімен; Пойыздардың нөмірленуі өзгерді: - №373/374 «Алматы-2 – Жезқазған» № 73/74-ке; - №321/322 «Алматы-2-Сарыағаш» № 88/87-ге; - №339/340 «Павлодар-Пресногорьковская» № 139/140-қа; - №673/674 «Павлодар-Шымкент» № 45/46 болып өзгерді. Бағыт алынып тасталды: 1) №19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Атырау»; 2) №71/72 «Алматы-2 – Түркістан»; 3) №95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Орал»; 4) № 701/702 «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол» Маршруттарды оңтайландыруға байланысты бір реттік пойыздар белгілі бір күндерде бір бағытта: - №702 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Алматы 2» Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 11 желтоқсан сағат 09-40-та жөнелтіліп, Алматы-2-ге 11 желтоқсан сағат 23-45 келуімен; - №702 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Алматы 2» Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 12 желтоқсан күнгі сағат 18-25-те жөнелтіліп, Алматыға-2-ге 13-ші желтоқсан күнгі сағат 09-00-де келуімен; - №85 «Сарыағаш-Нұр-Сұлтан-1» Сарыағаш станциясынан 12 желтоқсанда сағат 16-47-де жөнелтіліп, Нұр-Сұлтан-1-ге 13 желтоқсанда сағат 22-35-те келуімен; - №674 «Нұр-Сұлтан-1 – Павлодар» Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 12 желтоқсанда сағат 23-59-да жөнелтіліп, Павлодарға 13 желтоқсанда сағат 08-55-те келуімен; - №37 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Маңғыстау» Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 12 желтоқсан күнгі сағат 19-00-де жөнелтіліп, Маңғыстауға 14 желтоқсан күнгі сағат 17-25-те келуімен; - №87 (321) «Сарыағаш-Алматы-2» Сарыағаш станциясынан 12 желтоқсанда сағат 18-38-де жөнелтіліп, Алматы-2-ге 13 желтоқсанда сағат 13-54-те келуімен; - №31 «Павлодар-Алматы-2» Павлодар станциясынан 12 желтоқсанда 19-35-те жөнелтіліп, Алматы-2-ге 13 желтоқсанда сағат 21-16-да келуімен іске қосылады. «Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады. Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздарда бетперде режимін сақтауды сұраймыз», – деп қосты ҚТЖ баспасөз қызметі.