Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, емхана бүгін, 26 қарашада өртенген.
«Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік пультіне сағат 12:34-те Атырау қаласының «Алмагүл» шағын ауданындағы №7 емхананың ғимаратында түтін шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер емхананың 3-қабатындағы терапия бөлімі меңгерушісінің кабинетінде дербес компьютердің жанғанын анықтады. Емхана ғимаратынан 45 адам, оның 6 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт электр желісінің қысқа тұйықталуынан шыққан», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.