Төртінші қабаттан құлағалы тұрған бала құтқарылды
Төртінші қабаттан құлағалы тұрған бала құтқарылды
Фото: yandex.ru
Оралда 5 жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кете жаздады. Полиция департаменті 25 қарашада сағат 13.00 шамасында 102 пультіне қоңырау түскенін хабарлады. Куәгерлер төртінші қабаттағы терезе алдында кішкентай бала тұрғанын хабарлаған.
"Оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция батальонының экипажы мен учаскелік инспектор дереу жіберілді. Оқиға орнына келген қызметкерлер баланы қорқытпау және құлап кетпеуі үшін есіктен онымен сөйлесе бастаған. Олар баланы көндіріп, есікті ашқан. Пәтерде баладан басқа ешкім болмаған", – деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.