Синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ертең Алматы облысының Алакөл өзендері аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с-ке жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түркістан облысының оңтүстік аудандарында тұман сақталады. 28-30 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 28, түнде 29 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.