Қазақстан тарихта алғаш рет Дэвис кубогының ширек финалына шықты

Қазақстан тарихта алғаш рет Дэвис кубогының ширек финалына шықты

Мадридте (Испания) Қазақстан мен Канада құрамалары арасында Дэвис кубогының топтық кезеңіндегі кездесуі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Sports.kz. Екінші кездесуде Александр Бублик Вашек Посписилмен кездесті. Бірінші сетте Бублик айқын жеңіске жетті – 6:2, шешуші екінші сетте де теннисшіміз жеңісті бермеді – 7:6 (8:6). Осылайша Қазақстан Канаданы 2:0 есебімен ұтты. Бүгін қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов пен канадалық Браден Шнур мен Вашек Посписилдің жұптық кездесуі жоспарланған.