Ақтөбеде жоғалған 4 геолог табылды
Ақтөбеде жоғалған 4 геолог табылды
Фото: Trend News Agency
328
оқылды
Ақтөбе облысында екі күн іздеуде болған төрт геолог "Қисықсай" қыстағынан табылды.
"14.50-де жоғалғандар байланысқа шықты. Олар "Қисықсай" қыстағында болған. Оларға медициналық көмек қажет емес", – деп хабарлады Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Еске сала кетсек, 25 қараша сағат 10.30 шамасында геологтар "УАЗ" көлігімен Қарабұтақ – Талдық – Қайыңды – Қайрақты бағыты бойынша жолға шыққан. Олар соңғы рет бейсенбі күні сағат 18.00-де байланысқа шығады, ол кезде олар Талдық ауылына бара жатқан.