Жамбыл облысында 7 көлік жол апатына ұшырады

Жамбыл облысында 7 көлік жол апатына ұшырады

Батыс Қытай автожолының Жамбыл облысы аумағындағы учаскесінде көктайғақ пен жолдың нашар көрінуінен бірден 7 жол-көлік апаты орын алды. Полиция департаментінің мәліметінше, бірнеше жүк көлігі аударылып кеткен.

«Жол-көлік апаттарында зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиғалар тексеріліп жатыр», - деді ведомстводан.
Қардың мол түсуіне байланысты полицейлер өңір аумағында күшейтілген қызмет режиміне көшті.