Алматы облысында ішімдіктерді қолдан жасап, екі рет сотталған адам тағы ұсталды. Цехтан 110 литр спирт тәркіленді. Қылмыс Боралдай ауылында тіркелді. Қаржы мониторингі агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары тексеру барысында «Хаома», «Хортица», «Беленькая» және «Талка» маркалы ішімдік өнімдері қолдан жасалғанын анықтады.
«1980 жылы туған азаматтың заңсыз цехын тексеру барысында 11 500 акциздік марка, 110 литр спирт, 120 бөтелке және өзге де ішімдік жасайтын заттар тәркіленді. Бұл азамат осы қылмысты екі рет жасап, сотталған. Қазір оның үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.