29 қарашаға арналған ауа райы болжамы
29 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: very-old-life.livejournal.com
140
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, тек қана батыста циклон әсерінен жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Барлық өңірде тұман түсіп, жел соғады.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Түнде күші 23-28 м/с артады. Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен орталығында тұман болжанады.